8-10 сәуір аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақырылған боксшы қыздардың тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер алқасы спаррингтік кездесулерді өткізу арқылы Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшыларды анықтайды. Былғары қолғап шеберлері өз салмақ дәрежелеріне сай болуы керек. Әйтсе де, салмақ бойынша сәл ауытқушылыққа рұқсат етіледі.
"Спаррингтік кездесулерге 4 салмақ дәрежесінде 16 боксшы шақыртылды. Олардың арасында 54 келідегі Ангелина Лукас та бар. Ал 60 келіде спарринг ұйымдастырылмайтын болды. Өйткені, Италиядағы іріктеу турнирі кезінде жарақат алып қалған Римма Волосенконың қолы әлі жазылған жоқ. Сондықтан, бапкерлер алқасы Волосенконы да және оның басты бәсекелесі Виктория Графееваны да Бангкок бәсекесіне қатысуы мүмкін боксшылардың қатарына қосты. Іріктеу турниріне қайсысының қатысатыны кейінірек өтетін оқу-жаттығу жиыны барысында белгілі болады", – делінген Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы жазбасында.
Спаррингке шақырылған боксшылар тізімі:
50 келі:
- Назым Қызайбай (1993);
- Алуа Балқыбекова (1996).
54 келі:
- Анель Сақыш (2000);
- Жайна Шекербекова (1989);
- Ангелина Лукас (1997);
- Балауса Мұздыман (1997);
- Элина Базарова (2004);
- Ұлжан Сәрсенбек (2005);
- Сымбат Әлиасқар (2004).
66 келі:
- Жасмин Қизатова (2002);
- Лаура Есенкелді (2000);
- Наталья Богданова (1999);
- Дариға Шәкімова (1988).
75 келі:
- Гүлсая Ержан (2001);
- Валентина Хальзова (1996);
- Жібек Жарасқызы (2003).
Еске салайық, бокстан Қазақстан ерлер құрамасынан 63,5 келіде лицензиялық турнирге баратын боксшы спаррингпен анықталатын болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2075229-nazym-qyzaibai-angelina-lukas-olimpiadanyn-licenziyasy-sarapqa-salynatyn-turnirge-kim-qatysady/