8-10 сәуір аралығында елордада қыздар арасында өтетін спаррингтік турнирге қатысатын спортшылардың тізіміне тағы екі боксшы қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Спаррингке қатысатын боксшылардың қатарын Дина Жоламан (54 келі) мен Милана Сафронова (66 келі) толықтырды.
Ақмолалық спортшы Дина Жоламан – 2016 жылғы Әлем чемпионы. Cондай-ақ 2022 жылы дүниежүзілік додада күміс медаль иеленіп, 2021 жылы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған. Ал қарағандылық боксшы Милана Сафронова – 2019 жылғы Әлем және Азия чемпионаттарының қола жүлдегері.
Айта кетейік, спаррингтік кездесулердің қорытындысы арқылы Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшылар анықталады.
Спаррингке қатысатын боксшы қыздардың тізімі:
50 келі:
Назым Қызайбай (1993);
Алуа Балқыбекова (1996).
54 келі:
Анель Сақыш (2000);
Жайна Шекербекова (1989);
Балауса Мұздыман (1997);
Элина Базарова (2004);
Ұлжан Сәрсенбек (2005);
Сымбат Әлиасқар (2004);
Дина Жоламан (1992)
66 келі:
Жасмин Қизатова (2002);
Лаура Есенкелді (2000);
Наталья Богданова (1999);
Дариға Шәкімова (1988);
Милана Сафронова (1991).
75 келі:
Гүлсая Ержан (2001);
Валентина Хальзова (1996);
Жібек Жарасқызы (2003).
Еске салайық, ерлер арасында 63,5 келіде лицензиялық турнирге баратын боксшы спаррингпен анықталатын болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2078051-tagy-eki-qazaqstandyq-bokssy-sparringtik-turnirge-qatysady/