Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан ерлер арасындағы спаррингтің екінші финалисі анықталды

Опубликовано:

Серік Теміржанов пен Дулат Бекбауов
Серік Теміржанов пен Дулат Бекбауов. Фото: olympic.kz

Бокстан елордада өтіп жатқан спаррингтік турнирдің 63,5 кг cалмақтағы жартылай финалында Серік Теміржанов пен Дулат Бекбауов кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте Дулат Бекбауов төрешілердің шешімімен басым түсті.

Енді Бекбауов финалда Мұхамедсабыр Базарбайұлымен жұдырықтасады. Мұхаммедсабыр жартылай финалда Жандос Қыдырәлиевті жеңген еді. Ақтық сайыс ертең, 10 сәуірде өтеді.

Айта кетейік, бұл спаррингтік турнирде жеңімпаз атанған боксшы Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы әлемдік лицензиялық турнирге барады.

Қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 келі) лицензия жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2081687-dulat-bekbauov-qarsylasyn-zenip-aqtyq-marege-zoldama-aldy/

pixel