Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкемнің жетекшілігімен дайындалып жатырмын": Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегі туралы айтты

Жарияланған күні:

Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өзбекстандық былғары қолғап шебері Сайджамшид Джафаровқа қарсы өтетін жекпе-жегі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Fight.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Данияр Елеусінов пен Сайджамшид Джафаров 27 сәуірде Алматыда өтетін "IBA чемпиондар турнирі" сериясы аясында жұдырықтасады. Жекпе-жек 71 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді.

"Оның қолы ұзын және ол солақай. Бұрын 75 кг дейінгі салмақта жұдырықтасқан, сондықтан маған қарағанда үлкен және бойы ұзын. Ол әлем чемпионатында менің отандастарыммен жекпе-жекке шыққанын білемін. Кәсіпқой рингте ресми жекпе-жектер өткізбесе де, "IBA чемпиондар түні" турниріне қатысқан. Сайджамшид маған қарағанда жарыстарға жиі қатысады. Ол жас, бірақ менің тәжірибем бар. Сондықтан жекпе-жек бәсекеге толы болады.

Менің жаттығу лагерім Қазақстанда өтті, өйткені жекпе-жек те осында болады. Әкемнің жетекшілігімен дайындалып жатырмын. Екі әуесқой боксшымен спаррингке шығып жүрмін. Олар да 71 кг дейінгі салмақта сынға түсіп жатыр және екеуі де солақай. Бұл процессте ешқандай қиындық жоқ", – деді Данияр Елеусінов.

Еске салайық, Данияр Елеусіновтің ағасы ирландиялық боксшыдан техникалық нокаутпен жеңілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2082116-akemnin-zeteksiligimen-daiyndalyp-zatyrmyn-daniyar-eleusinov-kezekti-zekpe-zegi-turaly-aitty/