jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Данияр Елеусіновтің ағасы ирландиялық боксшыдан техникалық нокаутпен жеңілді

    Каллум Уолш пен Дәурен Елеусінов
    Каллум Уолш пен Дәурен Елеусінов. Фото: instagram.com/daurenyeleussinov

    Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов Нью-Йоркта (АҚШ) өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бокс кешінің басты жекпе-жегінде Елеусінов WBC Continental Americas атағы үшін Ирландия өкілі Каллум Уолшпен қолғап түйістірді. Кездесу он раундқа жоспарланған еді. Бірақ Уолш тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп кетті.

    Осылайша ирландиялық боксшы кәсіби мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Дәурен Елеусінов кәсіпқой рингте төртінші рет жеңіліс тапты.

    Елеусінов осыған дейінгі жекпе-жегін 2023 жылдың қазанында өткізген еді. Ол кезде қазақстандық былғары қолғап шебері Танзания өкілі Пиусу Мпендеге есе жіберді.

    Айта кетейік, Дәурен Елеусінов – Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы. Дәурен – 2006 жылы өткен студенттер арасында бокстан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, бокстан ҚР спорт шебері.

    Данияр Елеусіновтің ағасы ирландиялық боксшыдан техникалық нокаутпен жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.