Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дулат Бекбауов 22 жастағы боксшыдан жеңіліп, ұлттық құрама сапына іріктеле алмады

Жарияланған күні:

Дулат Бекбауов
Дулат Бекбауов. Фото: instagram/boxingkazakhstan

Бүгін, 10 сәуірде бокстан лицензиялық жарысқа баратын спортшыларды анықтау үшін өтетін спаррингтік турнирдің финалдық кездесулері өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

63,5 кг салмақ дәрежесінің финалдық кездесуінде Дулат Бекбауов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша Базарбайұлы қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Енді ол Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы әлемдік лицензиялық турнирге барады.

Еске салайық, бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында 63,5 кг салмақ дәрежесінде Олимпиада лицензиясы жоқ. Ал басқа салмақтарда жолдама бар. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 кг) лицензия жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2082449-dulat-bekbauov-22-zastagy-bokssyga-zenilip-ulttyq-qurama-sapyna-iriktele-almady/