jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері кәсіпқой спортқа ауысатынын мәлімдеді

    Санатәлі Төлтаев
    Санатәлі Төлтаев. Фото: kazsports.kz

    2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Санатәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысуы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мен кәсіпқой боксқа ауысуды жоспарлап отырмын. Алланың қалауымен мамыр айында осы деңгейде дебют жасаймын. Негізі Белградтағы әлем чемпионатынан кейін ауысамын деген ой болды.

    Енді менің салмағымдағы боксшы Олимпиада лицензиясы үшін жекпе-жек өткізіп жатқандықтан, мен кәсіпқой спортқа ауысамын деп шештім. Ал кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегім жайлы ресми ақпаратты жақын арада жариялаймыз", – деді спортшы.

    Айта кетейік, 2023 жылы Ташкентте өткен соңғы әлем чемпионатында Төлтаев 63,5 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.

    Бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері кәсіпқой спортқа ауысатынын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.