Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес пен Хайме Мунгия супер орта салмақтағы абсолют чемпиондық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде "Канело" қарсыласына қарағанда 300 грамм жеңіл болып шықты. Оның салмағы 75,6 кг. Ал Мунгиияның салмағы 75,9 кг тарты.
Екі мексикалық боксшы арасындағы текетіресте орта салмақтағы WBA, WBC, WBO және IBF белбеулері сарапқа салынады.
Жекпе-жек 4 мамырдан 5 мамырға қараған түні Лас-Вегастағы T-mobile аренасында өтеді. Кездесудің тікелей трансляциясын "Хабар" телеарнасы Қазақстан уақыты бойынша таңғы сағат 7:00-де көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2096027-saul-kanelo-alvares-alemning-absoliutti-chempiony-atagyn-sarapqa-salady/