Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мырзағали Айтжанов: Алтынның бәрін өзіміз алсақ өзгенің қызығушылығы қалмайды

Опубликовано:

Мырзағали Айтжанов
Мырзағали Айтжанов. Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов "Елорда кубогына" дайындық жөнінде айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

13-18 мамыр аралығында Астанада бокстан "Елорда кубогы" өтеді. Бұл жарысқа Қазақстаннан 59 боксшы қатыспақ. Олардың қатарында Олимпиадаға жолдама алған былғары қолғап шеберлерінің бәрі бар.

"Жігіттер, былайша айтқанда, шайқасқа дайын. "Елорда кубогы" – Қазақстанда өтетін ең ірі халықаралық турнирлердің бірі. Көптеген елдің боксшылары келеді. Бірақ биыл Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерінің өтіп жатқанына байланысты қатысушылар саны азайды, 7-8 ел ғана қатысады. Соның өзі біздің Олимпиадаға баратын спортшыларға зор пайдасын тигізеді. Себебі олар жарыс барысында кем-кетігін көріп, тәжірибе алмасады және әрқайсысы үш-төрт толық кездесу өткізуі керек, егер солай болса, оның пайдасы жақсы", - деді бас бапкер.

Сондай-ақ Мырзағали Айтжанов "Елорда кубогының" мақсаты не екенін айтты.

"Басты мақсат – боксшылардың бабын осы жерде тағы бір тексеру, кем-кетігін көру. Немен жұмыс істеу керек, соны біліп алғанымыз жөн. Келген қонақтарды да сыйлау керек. Әйтпесе қарсыластың бәрін ұтып, медальдің бәрін жинап алсақ, болашақта ешкімнің қызығушылығы болмай қалады. Сондықтан, бұл жерде бәрі таза өтеді, кім мықты – сол жеңеді.

Бұл турнирге Жапонияның, Әзербайжанның лицензия алған боксшылары қатысады. Өзбекстанның бас бапкері де мықтыларды жібереміз деген. Бірақ, Олимпиадаға баратын боксшылары басқа аламанға қатысады. Өйткені екі елдің боксшылары талай жарыста кездесіп жүр, енді бір-бірімізге "Олимпиаданың финалында кездесейік" деп тілек айттық", - деді Айтжанов.

Еске салайық, Мырзағали Айтжанов елордада өткен спаррингтік турнирді қорытындылаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2098214-altynnyng-barin-ozimiz-zhengsek-ozgening-qyzygushylygy-qalmaidy-myrzagali-aitzhanov-elorda-kubogy-turaly-aitty/