Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық боксшымен жекпе-жекке шығады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ESPN порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін 13 шілдеде Лас-Вегастағы Palm Casino Resort аренасындағы бокс кешінде өткізеді. Оның қарсыласы – IBF белбеуіне міндетті үміткер, Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович. Бұл жекпе-жек бокс кешінің басты оқиғасы болмақ.

Михайловичтің еншісінде жиырма бір жеңіс бар, оның он үшін мерзімінен бұрын аяқтаған. Жаңа Зеландия өкілі соңғы жекпе-жегін өткен айда Эдисон Сальтаринге қарсы өткізді. Сол кездесуде ол бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Михайлович ешқашан отанынан немесе Аустралиядан тыс жерде өнер көрсетпеген.

Әлімханұлы рингке соңғы рет 2023 жылдың 15 қазанында шықты. Ол кезде Жәнібек Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF ұйымдарының чемпиондық белбеулерін біріктірді.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2098763-zhanibek-alimhanuly-zhangazelandiialyq-boksshymen-zhekpe-zhekke-shygady/