Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні анықталды
Опубликовано:

Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ringpolska.pl cайтына сілтеме жасап хабарлайды.
RingPolska сайтының мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы әлі белгісіз.
Әлімханұлына қарсылас болуы мүмкін боксшылардың бірі – WBC белбеуінің уақытша иегері Карлос Адамес (23-1, 18 КО).
Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылдың 15 қазанында жекпе-жекке шығып, Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңген еді. Осылайша, WBO және IBF ұйымдарының чемпиондық белбеулерін ұтып алды.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы WBA белбеуінің иегері, Куба өкілі Эрисланди Лараны жекпе-жекке шақырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2093795-zhanibek-alimhanulynyng-kelesi-zhekpe-zhegi-qashan-zhane-qaida-otetini-anyqtaldy/