Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкиннің шәкірті қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді (видео)

Жарияланған күні:

Әли Ахмедов
Әли Ахмедов. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (20-1, 15 КО) Детройтта (АҚШ, Мичиган) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әли Ахмедов 40 жастағы "Қиратушы" лақап атымен танымал коста-Рикалық Энкарнасьон Диаспен (18-4, 11 КО) қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жек екінші орта салмақта өтті және он раундқа есептелген болатын. Алдымен отандасымыз кездесудің екінші раундындының орта тұсында "Қиратушыны" нокдаунға түсіріп, есеңгіретіп алады. Ал арада 30 секунд өткен соң Әли Ахмедовтың жойқын соққысынан кейін қарсыласы техникалық нокаут алып, кездесу уақытынан бұрын тәмамдалады. Осылайша Әли Ахмедов өзінің кәсіби мансабындағы 21-жеңіске қол жеткізді, ал Энкарнасьон Диас 5-жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, отандасымыздың жеңіс сериясы 5 жекпе-жекке ұласты. Сондай-ақ Әли Ахмедов орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің командасында жаттығатынын атап өткеніміз жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2106342-gennadii-golovkinning-shakirti-qarsylasyn-ekinshi-raundta-nokautqa-tusirdi-video/