Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балауса Мұздиман: өзінің жекпе-жегіне дайындық және Усик Фьюридің өткен қарсыластығы туралы

Жарияланған күні:

Балауса Мұздиман
Балауса Мұздиман. Фото: Parimatch

Балауса Мұздиман кәсіпқой боксшы және Parimatch амбассадоры өзінің алдағы жекпе-жегі туралы өз ойларын бөлісіп, өткен Усик-Фьюри жекпе-жегі туралы пікір білдірді. Балауса сонымен қатар ММА мен UFC жекпе-жектеріне қатысты өз ұстанымын айтты.

- Алдағы жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр?

- Дайындық өте жақсы жүріп жатыр. Осы аптада спаррингтер басталады, бұған дейін біз физикалық дайындықтан өттік – залда жаттығып, бокс мектебінен өттік. Менің ойымша, біз жекпе-жекке жақсы дайындықпен барамыз.

- Усик пен Фьюридің қарсыластығын тамашаладыңыз ба, қандай әсер алдыңыз?

- Иә, әрине, мен бұл кездесуді тамашаладым. Бұл жекпе-жекті барша халық болып күттік, оған қоса көптеген адам Фьюридің жеңісіне сенді, бірақ Усик өз боксын көрсетті. Ол өте жақсы дайындалған және Фьюриге қолын сермеуге кеңістік бермеді, соның арқасында 9-раундта Усик Фьюридің иегіне соққы дарытты. Жекпе-жек Усик үшін қиын болып өткенімен, ол төрешілердің ішінара шешіммен жеңіске жетті.

- Сіз кімге жанкүйер болдыңыз?

- Мен Усикті қолдадым, оның өте жақсы әуесқой тәжірибесі бар, оған қоса ол Олимпиада чемпионы. Сонымен қатар, оның мықты стратегиялық және техникалық дайындығы бар. Әрине, көптеген адамдар, соның ішінде мен де Фьюридің ауқымдылығы, бойы мен салмағы есебінен Усик жеңіліс табады деп ойладық, бірақ ол бұл жекпе-жекте өзін барынша көрсете алды.

- Бір сөзбен айтқанда, бокс ММА-ден несімен артық?

- Бокс дегеніміз – классика.

- Сіз ММА, сол сияқты UFC жекпе-жектерін көріп тұрасыз ба? Онда сіз жанкүйер болатын біреу бар ма?

- Жоқ, мен ММА-дың жанкүйері емеспін, бірақ бәрібір әлеуметтік желілерде біздің жауынгерлерімізді бақылап, олардың шайқастары қай уақытта болатынын қарап жүремін, олар үшін белсенді түрде жанкүйермін. Ал былай, UFC-ді қарамаймын.

- Сізге жекпе-жекке қатысы жоқ қандай спорт түрлері ұнайды? Кімнің жанкүйерісіз?

- Жекпе-жектен тыс маған әйелдер теннисі ұнайды. Мен қазір кішкентай Айлиннің мансабын бақылап жүрмін – ол менің жаттықтырушымның немересі. Оның ойыны мен табандылығы мені тамсандырады. Тіпті көз жасы келіп тұрса да, мойынсұнбай барлық қарсыласын жеңеді. Мен бұрын әйелдер теннисіне қатысып көрген емеспін, бірақ қазір Айлиннің арқасында мен бұл спорт түріне ғашық болдым.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2108313-balausa-muzdiman-ozining-zhekpe-zhegine-daiyndyq-zhane-usik-fiuriding-otken-qarsylastygy-turaly/