Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиадаға іріктеу турнирінің ширек финалына өтті

Жарияланған күні:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан лицензиялық турнирде үшінші рет жеңіске жетіп, ширек финалға өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

63,5 кг cалмақта Олимпиада лицензиясына таласып жатқан Мұхаммедсабыр турнирдің 1/8 финалында италиялық Жанлуиджи Малангадан басым түсті. Енді қазақстандық боксшы келесі кезеңде кубалық Эрисланди Альвареспен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасынан Наталья Богданова (66 кг), Римма Волосенко (60 кг) және Ұлжан Сәрсенбек (54 кг) жарыстан шығып қалды. Ал Назым Қызайбай (50 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) Олимпиада жолдамасына таласты жалғастырады.

Бангкоктегі лицензиялық турнир 2 маусымға дейін болады. Бұл – бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын соңғы жарыс. Әзірге бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында 7 лицензия (ерлер – 6, әйелдер – 1) бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2109054-muhammedsabyr-bazarbaiuly-olimpiadaga-irikteu-turnirining-shirek-finalyna-otti/