Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой рингте оныншы рет жеңіске жетті

Жарияланған күні:

Боксшы Ангелина Лукас
Боксшы Ангелина Лукас. Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой рингте оныншы рет жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бангкоктегі (Тайланд) кәсіпқой бокс кешінде Ангелина Лукас индонезиялық Хармо Йестимен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Ангелина кәсіпқой рингте оныншы рет жеңіске жетті. Ал Йести мансабында төртінші мәрте жеңіліске ұшырады.

Еске салайық, Ангелина Лукас алдыңғы жекпе-жегінде үндістандық спортшы Мамта Сингхті бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белбеулеріне ие болған еді. Сондай-ақ ол ең жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боксшы қыздардың рейтингінде үздік ондыққа кірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2109624-qazaqstandyq-boksshy-angelina-lukas-kasipqoi-ringte-onynshy-ret-zhengiske-zhetti/