Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы лицензиялық турнирдің ширек финалында кубалық боксшыға есе жіберді

Жарияланған күні:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Эрисланди Альварес
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Эрисланди Альварес. Фото: t.me/boxing_kazakhstan

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалында жеңілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

63,5 кг салмақта бақ сынап жатқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалда кубалық Эрисланди Альварестен ұтылып қалды. Десе де жолдама алуға әлі де мүмкіндік бар. Ол үшін Базарбайұлы тағы екі жекпе жекте жеңіске жетуі керек.

Мұхаммедсабыр алдыңғы жекпе-жегінде италиялық Жанлуиджи Малангадан басым түскен болатын.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасынан Наталья Богданова (66 кг), Римма Волосенко (60 кг) және Ұлжан Сәрсенбек (54 кг) жарыстан шығып қалды. Ал Назым Қызайбай (50 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) Олимпиада жолдамасына таласты жалғастырып жатыр.

Бангкоктегі лицензиялық турнир 2 маусымға дейін болады. Бұл – бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын соңғы жарыс. Әзірге бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында 7 лицензия (ерлер – 6, әйелдер – 1) бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2110161-muhammedsabyr-bazarbaiuly-litsenziialyq-turnirding-shirek-finalynda-kubalyq-boksshyga-ese-zhiberdi/