Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Олимпиадаға сегізінші лицензияны алды

Опубликовано:

Валентина Хальзова
Валентина Хальзова. Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Валентина Хальзова Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Халзова осы күндері Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан лицензиялық олимпиадалық турнирдің ширек финалында белдесті. Ол 75 келіге дейінгі салмақта колумбиялық Ширлейдис Ороскомен қолғап түйістірді. Жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық жеңіске жетті.

Осылайша Валентина бокстан ұлттық құрамаға сегізінші лицензияны әкелді.

Қазіргі уақытта еліміздің атымыздан Қамшыбек Қоңқабаев, Асланбек Шымбергенов, Махмұд Сабырхан, Айбек пен Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов пен Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова Олимпиадаға жолдама алды.

Бүгін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Назым Қызайбай да Олимпиада лицензиясына таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2110926-bokstan-qazaqstan-quramasy-2024-zhylgy-olimpiadaga-segizinshi-litsenziiany-aldy/