Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан және Өзбекстан құрамалары ғана Париж Олимпиадасына толық құрамда қатысады

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев
Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Қазақстан және Өзбекстан ерлер құрамасы ғана Париж Олимпиадасында толық құрамда бақ сынайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тек Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары ерлер арасындағы бокстан барлық 7 салмақ дәрежесінде Олимпиада жолдамасын еншіледі. Ал әйелдер боксынан Аустралия, Қытай, Ирландия құрамалары Парижде толық құрамда өнер көрсетеді.

Бокстан ең көп лицензияны Аустралия жеңіп алған (12 лицензия). Бұл елдің құрамасы тек ерлер арасында 92 кг салмақта жолдама иелена алмады.

Екінші орында 11 лицензияға қол жеткізген Өзбекстан тұр. Көршілес елдің қоржынында тек әйелдер боксынан 60 және 75 кг салмақ дәрежесінде жолдама жоқ.

Ал Қазақстан бокстан 10 лицензия жеңіп алып, Бразилия және Ирландиямен бірге тізімде үшінші орынға жайғасты. Еліміздің әйелдер құрамасы 54, 60 және 66 кг салмақ дәрежесінде лицензияға қол жеткізе алмады.

Орталық Азия елдерінен Тәжікстанда 3, Қырғызстанда 1 жолдама бар.

Бокстан Олимпиадаға жолдама жеңіп алған елдердің рейтингі
Бокстан Олимпиадаға жолдама жеңіп алған елдердің рейтингі. Фото: wikipedia.org

Қазір Қазақстан қоржынында Олимпиаданың барлығы 58 жолдамасы бар. Париждегі жазғы ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2111256-bokstan-qazaqstan-zhane-ozbekstan-quramalary-gana-parizh-olimpiadasyna-tolyq-quramda-qatysady/