Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада жолдамасын жеңіп алған қазақстандық боксшылар елге оралды (видео)

Опубликовано:

Елге оралған боксшылар
Елге оралған боксшылар. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бангкокта (Таиланд) өткен әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын еншілеген қазақстандық боксшылар елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Лицензиялық турнирде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Назым Қызайбай (50 кг) және Валентина Хальзова (75 кг) жолдамаға қол жеткізген еді.

"Алматы және Астана халықаралық әуежайларында Бангкоктан Олимпиада лицензиясының иегерлерін отбасы, достары және жерлестері күтіп алды", - делінген Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Париж Олимпиадасына барлығы 10 лицензия жеңіп алды.

Ерлер командасы төрт жылдықтың басты бәсекесіне толық құрамда барады. Ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 к) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) қорғайды. Ал әйелдер құрамасынан Карина Ибрагимова (57 кг), Валентина Хальзова (75 кг) және Назым Қызайбай (50 кг) сынға түседі.

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2111913-olimpiada-zholdamasyn-zhengip-algan-qazaqstandyq-boksshylar-elge-oraldy-video/