Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әйелдер құрамасынан Олимпиадаға алғаш рет үш боксшы қатысады

Опубликовано:

Валентина Хальзова
Валентина Хальзова. Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасынан тұңғыш рет үш боксшы жазғы Олимпиадаға қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Лондон және Рио Олимпиадаларында Қазақстан әйелдер құрамасы тек екі салмақта бақ сынаса, Токиода жалғыз Надежда Рябец қана жұдырықтасқан еді. Ал Париж Олимпиадасында Назым Қызайбай (50 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (75 кг) ел намысын қорғайды.

Карина Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында, ал Назым мен Валентина жақында Бангкоктағы соңғы іріктеу турнирінде Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.

"Бангоктегі іріктеу турниріне бес қыз алып келдік. Ешбір қызымыз аянып қалған жоқ. Қолынан келгеннің бәрін жасады. Жеңілген боксшыларымыздың да өнеріне көңілім толды. Иә, үш  спортшымызға лицензия бұйырмады. Тағы да айтамын, олар барын салды.

Енді Олимпиадаға алғаш рет үш боксшы қызымыз қатысайын деп отыр. Басты мақсатымыз – төртжылдық додасынан абыроймен оралу. 

Назым Қызайбайға келер болсам, ол біз қойған тактиканы толығымен орындап шықты. Тіпті, шешуші жекпе-жектің соңғы раундында сол жақ тұрыспен бокстаса жөнелді. 

Валентина Хальзова өте керемет жұдырықтасты. Бұл турнирде ол бір раундта да жеңілген жоқ. Нағыз бабында. Енді біз осы үш қызымызды Олимпиадаға бабында апаруымыз керек. Сол үшін жұмыс істейміз. Бұл жалғыз менің емес, бүкіл команданың жұмысы болмақ", - деді бокстан Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Елдос Сайдалин. 

Еске салайық, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда баратынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2111952-qazaqstan-aielder-quramasynan-olimpiadaga-algash-ret-ush-boksshy-qatysady/