Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ағайынды Оралбайлардың бірі алтын алады": бокс бапкері Олимпиадаға болжам жасады

Опубликовано:

Айбек Оралбай
Айбек Оралбай. Фото: kazsports.kz

Бокстан әлем чемпионы Галиб Жафаровтың жеке бапкері Әлімбек Балмағамбетов Париж Олимпиадасында кімге үміт артатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ағайынды Оралбайлар Италиядағы турнирде жақсы жұдырықтасты. Сол екі жігіттің біреуі алтын алуы мүмкін. Одан бөлек, екінші Олимпиадасына бара жатқан Сәкен Бибосыновқа үміт артамын. Бас командада өзім де жүрдім. Екі Олимпиаданы өткердік. Сондықтан,бокстан қазіргі құрамды өте мықты деп айта аламын. Барлық спортшыға сәттілік тілеймін", - деді Балмағамбетов.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда барады. Ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 к) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) қорғайды.

Осыған дейін Париж Олимпиадасындағы бокс бәсекесінің толық кестесі жарияланғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2112609-agaiyndy-oralbailardyng-biri-altyn-alady-boks-bapkeri-olimpiadaga-bolzham-zhasady/