Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынғали Еділов: Боксқа ақша көп бөлінді, Парижде үш медальмен шектелу аз болады

Опубликовано:

Тұрсынғали Еділов
Тұрсынғали Еділов. Фото: kfb.kz

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Париж Олимпиадасына қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 1bol сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрсынғали Еділов 1997-2001 жылдар аралығында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып қызмет атқарған еді.

– Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасында бір алтын, бір күміс және бір қола медаль алуды көздейтінін айтқан болатын. Бұл қаншалықты мүмкін?

– Мүмкіндігіміз бұдан да жоғары деп ойлаймын. Қаншама қаражат бөлініп жатқанын көріп отырсыздар. Қаншама клуб қолдау көрсетіп отырғанда, жеті салмақта үш медальмен шектелу аздау.

– Токио Олимпиадасының алдында жігіттер Азия чемпионатына қатысып, шаршап қалды деп едіңіз. Бұл жолы қандай кеңес бересіз?

– Оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, турнирлерге қатысты. Дайындықтары жақсы деп ойлаймын. Негізгі қарсыластары да белгілі. Бастысы – көздегі от керек. Жеңіске жету деген мақсатпен апару қажет.

– Кімнен жүлде күтесіз?

– Бәрінен күту керек. Ешкім турист болып бармайды ғой. Сондықтан ешкімді бөліп-жарып атаған дұрыс емес. "Бақ шаба ма, бап шаба ма" дегендей, кімнің жұлдызы жанатынын көреміз. Қиын болады.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда барады. Ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 к) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2115084-tursyngali-edilov-boksqa-aqsha-kop-bolindi-parizhde-ush-medalmen-shektelu-az-bolady/