Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтархан Ділдәбеков пен кубалық боксшы 24 жылдан кейін шаршы алаңда қайта кездесті (видео)

Жарияланған күні:

Мұхтархан Ділдәбеков пен Алексис Рубалкаба шаршы алаңда
Мұхтархан Ділдәбеков пен Алексис Рубалкаба шаршы алаңда. Скриншот: instagram.com/albina_elchieva

2000 жылы Сидней Олимпиадасында жұдырықтасқан қазақ боксшысы Мұхтархан Ділдәбеков пен кубалық Алексис Рубалкаба араға 24 жыл салып рингте қайта кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алексис Рубалкаба Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне орай Түркістан облысында өтіп жатқан жастар арасындағы халықаралық турнирге құрметті қонақ ретінде шақырылған еді. Желіде тараған видеодан Рубалкаба мен Ділдәбеков шаршы алаңға шыққанын көруге болады. Алайда олар жұдырықтаспай, тек төс қағыстырып, қол алысты.

Екі боксшы 24 жыл бұрын Сидней Олимпиадасының ширек финалында жұдырықтасқан еді. Бұл жекпе-жекте Ділдәбеков жеңіске жеткен болатын. Ол Олимпиаданың финалына дейін барды. Алайда ақтық сында ұлыбританиялық Одли Харрисонға есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі.

Еске салайық, Қазақстанға арнайы қонақ ретінде шақырылған әйгілі кубалық боксшы Алексис Рубалкабаға қазақстандықтар шапан жауып, құрмет көрсеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2124897-muhtarhan-dildabekov-pen-kubalyq-boksshy-24-zhyldan-keiin-sharshy-alangda-qaita-kezdesti-video/