jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық жанкүйерлер Мұхтархан Ділдәбековпен жұдырықтасқан әйгілі кубалық боксшыға шапан жапты (видео)

    Алексиc Рубалкабаға шапан кигізу сәті
    Алексиc Рубалкабаға шапан кигізу сәті. Скриншот: instagram.com/akhmet.kalmenov

    Қазақстанға арнайы қонақ ретінде шақырылған әйгілі кубалық боксшы Алексис Рубалкабаға қазақстандықтар шапан жауып, құрмет көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Алексис Рубалкаба Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың құрметіне орай Түркістан облысында өтіп жатқан жастар арасындағы халықаралық бокс турниріне құрметті қонақ ретінде шақырылған еді. Жарысты ұйымдастырушылар Рубалкабаға құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен шапан кигізді.

    Түркістан облысы спорт басқармасының ақпаратына сүйенсек, бокс турниріне Қазақстаннан бөлек Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Қырғызстан мемлекеттерінен спортшылар қатысып жатыр. Осы бәсекеде топ жарған қазақстандық боксшылар ұлттық құрамаға шақыртылып, Хорватияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

    Еске салайық, 2000 жылы Сиднейде (Аустралия) өткен жазғы Олимпиада ойындарында Мұхтархан Ділдәбековтен жеңілген әйгілі кубалық боксшы Алексис Рубалкаба Қазақстанға келгенін жазған едік. Қос боксшы араға 24 жыл салып қайта кездесті.

    Қазақстандық жанкүйерлер Мұхтархан Ділдәбековпен жұдырықтасқан әйгілі кубалық боксшыға шапан жапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.