Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиадаға жолдама алған қазақстандық үш боксшыға 10 миллион теңге сыйақы берілді

Опубликовано:

Шахмұрат Мүтәліп және Назым Қызайбай
Шахмұрат Мүтәліп және Назым Қызайбай. Скриншот: instagram.com/kazakhboxing

Бангкокта (Таиланд) өткен соңғы лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын жеңіп алған қазақстандық боксшыларға ақшалай сыйақы табысталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маусымда Бангкоктегі турнирде Назым Қызайбай (50 кг), Валентина Хальзова (75 кг) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) лицензияға қол жеткізген еді. Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп осы үш боксшыға 10 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында ел намысын 10 боксшы қорғайды. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 к) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) сынға түседі. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Назым Қызайбай (50 кг) Олимпиада жүлдесіне таласады.

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жазғы ойындардағы бокс бәсекелерінің толық кестесі жарияланғанын жазған едік.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2127591-olimpiadaga-zholdama-algan-qazaqstandyq-ush-boksshyga-10-million-tengge-syiaqy-berildi/