Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы қос бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін Лас-Вегасқа келді

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық боксшының командасы Instagram желісіндегі парақшасында Жәнібек Әлімханұлының Лас-Вегасқа келгенін хабарлады. Желіде жарияланған бейнеде:

"Лас-Вегасқа аман-есен жетіп алдық", - делінген.

14 шілдеде таңертең Лас-Вегаста (Невада) Жәнібек Әлімханұлы өз атақтарын жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичке қарсы кездесуде қорғайды.

Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында өткен соңғы жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді нокаутқа жіберген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2132241-zhanibek-alimhanuly-qos-birdei-chempiondyq-atagyn-qorgau-ushin-las-vegasqa-keldi-video/