Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоқ, мен зейнетте емеспін": Геннадий Головкин шаршы алаңға оралуға қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Ben McShane/Getty Images

Қазақстандық боксшы, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкин шаршы алаңға оралу туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Мен зейнетте емеспін. Отбасыммен бақытты сәттерді өткізіп жатырмын. Менің жаңа қызметім бар. Алайда спортпен шұғылдануды тоқтатқан емеспін, себебі одан ләззат аламын. Ал спорттағы мансабымның аяқталғаны туралы ешқашан жариялаған емеспін. Мен үшін өмір сәттерден тұрады. Ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуым бек мүмкін", - деді Головкин LA Times газетіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде жекпе-жекке шықты. Ол мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші рет жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіліп қалған еді. Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте 42 рет жеңіске жетіп, 2 рет жеңіліске ұшыраған. Сондай-ақ бір жекпе-жегінде қарсыласымен тең түсті.

Геннадий Головкин ақпанда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы болып сайланған еді. Ал мамырда Халықаралық Олимпиада Комитеті Olympism 365 комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2135979-men-zeinette-emespin-gennadii-golovkin-sharshy-alangga-oralu-turaly-aitty/