Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: olympic.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰОК-ның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 26 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Сол отырыста Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Бас Ассамблея мүшелері оның кандидатурасын бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

Геннадий Головкин 1982 жылы 8 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ол әуесқой бокстағы мансабында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды (Aфина, 2004 жыл) және әлем чемпионы болды (Бангкок, 2003 жыл).

Головкин кәсіпқой бокста 2005 жылдан бері 45 жекпе-жек өткізді. Оның қырық екісін жеңіспен (отыз жетісі нокаутпен) аяқтаса, бір жекпе-жегінде тең түсіп, екі кездесуінде ұпай санымен жеңіліп қалды. 41 жастағы қазақстандық боксшы соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде рингке шығып, Сауль Канело Альвареске үшінші мәрте есе жіберген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2059153-gennadii-golovkin-ulttyq-olimpiadalyq-komitettin-bassysy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel