Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мырзағали Айтжанов: Олимпиадаға ешкім жеңілемін деп бармайды

Жарияланған күні:

Махмұд Сабырхан және Мырзағали Айтжанов
Махмұд Сабырхан және Мырзағали Айтжанов. Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасында барлық боксшыдан үміт күтетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық боксшылар Түркістанда Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов былғары қолғап шеберлері бабында екенін айтты.

"Қазір менен командадада фаворит кім деп сұрап жатқандар көп. Олимпиада алдында боксшыларды дәл бұлай бөлуге болмайды. Себебі Олимпиаданың рухы бөлек. Бұл жарыс басқа бәсекелермен тең келмейді. Сондықтан олимп шыңына ең мықты деген спортшылар шығады.

Біздің құрамадағы жігіттердің бәрі жақсы. Ешкім Олимпиадаға жеңілемін деп бармайды. Оның үстіне, салмақ дәрежелері де аз, жетеу ғана. Біз жеңісті дәстүрімізді қайта жалғастырып, Париж төрінде жанкүйерлерді қуантамыз деп сенемін. Қазір командада төрт әлем чемпионаты, екі Олимпиада жүлдегері бар. Барлық жігіттер тәжірибелі. Енді тәжірибесін шеберлікпен ұштастырып, Олимпиадада жақсы өнер көрсету ғана қалды", - деді бас бапкер. 

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда қатысады. Ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2136060-myrzagali-aitzhanov-olimpiadaga-eshkim-zhengilemin-dep-barmaidy/