Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Ислам қазақстандық боксшылар Олимпиадада қанша медаль жеңетінін болжады

Жарияланған күні:

Қанат Ислам
Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам ұлттық құраманың боксшылары Париж Олимпиадасында қанша медаль алуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Олимпиада ойындарын тағатсыздана күтіп жүрміз. Осыған дейінгі Олимпиада ойындарында қазақ боксшылары жүлдесіз оралмаған. Кемі бір алтынмен келетін. Алайда Токиода алтынсыз қалдық. Жігіттеріміз биыл сол олқылықтың орынын толтырады деп сенемін.

Қазақ боксшылары кемі бір алтын алады. Біздің жігіттердің барлығы өз салмақтарында топ жарып, осыған дейінгі әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген саңлақтар. Ешкімді бөле жармайын. Барлығы жүлдеге лайықты жігіттер", - деді Қанат Ислам.

Осыған дейін Ермахан Ибраимов Париж Олимпиадасында топ жаратын боксшылардың есімдерін атаған еді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төрт жылдықтың басты додасында 80 спортшы ел намысын қорғайды. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадада барлық жеті салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ал әйелдер құрамасынан алғаш рет үш боксшы сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2136264-qanat-islam-qazaqstandyq-boksshylar-olimpiadada-qansha-medal-zhengetinin-bolzhady/