Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық бокс қауымдастығын (ІВА) мойындалатын федерациялар тізімінен шығарып тастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ХОК-тың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған шешім Халықаралық Олимпиада комитетінің Парижде өткен 142-сессиясында қабылданды. Халықаралық бокс қауымдастығын 2020 жылдан бері ресейлік маман Умар Кремлев басқарады.
Еске салайық, IBA-ға мүше елдің атынан шығатын боксшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатыстырылмауы мүмкін екенін жазған едік. IBA-ға Токио және Париж ойындарына іріктеу жарыстарын өткізуге рұқсат берілмеген. Қазақстан – бұл ұйымға мүше елдердің бірі.
"Олимпиадалық боксқа сенімді, жақсы ұйымдастырылған халықаралық федерация керек. IBA құрамына кіретін кез келген боксшы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына қатыса алмайтыны қазірдің өзінде белгілі болды. Өзін құрметтейтін Ұлттық Олимпиада комитеті мұндай бокс федерацияларын өз мүшелігінен шығаруға міндетті", - делінген ХОК-тың мәлімдемесінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2138706-halyqaralyq-olimpiada-komiteti-iba-ny-moiyndalatyn-federatsiialar-tiziminen-alyp-tastady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.