jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Асланбек Шымбергенов Олимпиаданың алғашқы айналымында не себепті жеңілгенін түсіндірді (видео)

    Асланбек Шымбергенов
    Асланбек Шымбергенов. Видеодан кадр: instagram.com/ khabartv

    Париж Олимпиадасында 71 кг дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан боксшы Асыланбек Шымбергенов бірінші кездесуінде жеңіліп қалды. Құрама капитаны алғашқы айналымда не себепті есе жібергенін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Боксшының сұқбаты "Хабар" арнасының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

    "Бәрі ойдағыдай болатын. Шаршы алаңға шықтық, қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Алланың қалауы сол болып тұр. Көнеміз, енді не істейміз? Мықты болып ораламыз, Алла қаласа", - деді Асланбек Шымбергенов.

    Боксшы алдағы Олимпиадаға қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Ол журналистің "Бұл соңғы Олимпиада емес, әлі алдымызда 2028 бар. Қатысасыз ғой?!" деген сұрағына "Құдай қаласа" деп қысқа жауап берді.

    Айта кетейік, бүгін Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары бокс бәсекесінде қазақстандық спортшы Асыланбек Шымбергенов 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін өткізді.

    Алғашқы айналымда қазақстандық боксшы нигериялық Зейяд Ишаишпен шеберлік байқасты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен (28:29, 27:30, 30:27, 28:29, 30:27) отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды.

    Асланбек Шымбергенов Олимпиаданың алғашқы айналымында не себепті жеңілгенін түсіндірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.