Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бағым жанбай қалған сияқты": Парижде өзбек боксшысынан жеңілген Сәкен Бибосынов мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: kfb.kz

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өзбекстандық боксшыдан жеңіліс тауып, жүлдесіз қалған Сәкен Бибосынов мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Арман…. Мақсат… Жеңіс… Токио Олимпиадасында қола медаль алғанымда, Париж Олимпиадасында қайтсемде алтын алып, мақсатыма жетемін деп ойладым, сол үшін осында келдім. Осы Олимпиаданы асыға күттім. Еліме алтын сыйлағым келді. Көк туымыздың көкте қалықтағанын, әнұранымыздың шырқалғанын қаладым.

Бәрі сіз бен мен ойлағандай болмады. Шаршы алаңға шыққан спортшының бағы мен бабы келісіп, қатар шабуы керек екен. Бабымда болдым деп ойлаймын. Кішкене сәттілік жетіспей, бағым жанбай қалған сияқты. Дегенмен Аллаға сансыз шүкір, тағдырыма Қазақтың намысын қорғау бақыты жазылған екен.

Мені жеңісте де, жеңілісте де қолдаған барлығыңызға алғыс айтамын. Жылы лебіздеріңіз үшін рақмет!", - деп жазды Сәкен Бибосынов Instagram-дағы парақшасында.

Еске салсақ, Сәкен Бибосынов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңіліп, жартылай финалға шыға алмаған еді.

Жалпы, Олимпиада ойындарына Қазақстан ерлер құрамасынан жеті боксшы, әйелдер құрамасынан үш боксшы барды. 10 қазақстандық боксшының сегізі Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады.

Ал 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай Олимпиаданың финалына шықты. Ол украиналық боксшы Александр Хижнякпен алтын жүлдеге таласады. Тартысты жекпе-жек 7 тамызда Астана уақытымен 01:51-де басталады.

Сонымен бірге боксшы Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшы Ву Юмен жұдырықтасады. Жеңсе, алтын медальға таласады. Ал жеңіліс тапса, қола жүлде еншілейді. Жекпе-жек 7 тамызға қараған түні 01:00-де болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2144890-bagym-zhanbai-qalgan-siiaqty-parizhde-ozbek-boksshysynan-zhengilgen-saken-bibosynov-malimdeme-zhasady/