jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Назым Қызайбай: Алтын жүлде жеңіп алу үшін барымды саламын

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының ширек финалындағы жеңісі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Назым Қызайбай (50 кг) ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Колумбия спортшысы Ингрит Валенсиядан 4:1 есебімен басым түскен еді.

    "Ағайым "күтпей, бірінші болып жұмыс істе" деді. Қарсыласым өте тәжірибелі. Ең бастысы қателік жібермей, ақылмен әрекет етуге тырыстым. Өйткені бұл жерде күшпен ештеңе ала алмайсың. Әлем чемпионатында осы қыздан жеңіліп қалған едім. Енді есемді қайтардым, өте қуаныштымын.

    Келесі қарсыласым өте мықты, Азия ойындарының жеңімпазы. Қоржыныма медаль түсіп тұрса да, қуануға әлі ерте. Алтын үшін бар күшімді саламын", - деді Назым Қызайбай Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында.

    Айта кетейік, Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшы Ву Юмен жұдырықтасады. Жеңсе, алтын медальға таласады. Ал жеңіліс тапса, қола жүлде еншілейді. Жекпе-жек 7 тамызға қараған түні 01:00-де болады.

    Назым Қызайбай: Алтын жүлде жеңіп алу үшін барымды саламын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.