Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия, әлем чемпионы: Назым Қызайбайдың жартылай финалдағы қарсыласы туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай
Назым Қызайбай. Фото: instagram.com/qaz_team_official

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық Ву Юмен жұдырықтасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Назым Қызайбайдың қарсыласы Ву Ю Азия ойындарында топ жарған, сондай-ақ әлем чемпионы атанған тәжірибелі боксшы.

Ал Назым Қызайбай үшін бұл алғашқы Олимпиада. Қазақстандық боксшы бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте алтын алып, бір мәрте қола медаль еншілеген. Сонымен бірге Азия чемпионы атанған.

Жекпе-жек 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні сағат 01:02-де басталады.

Назым Қызайбай Олимпиада ойындарында ең алғаш өткізген жекпе-жегінде италиялық боксшы Джордана Соррентиноны жеңген. Ал екінші жекпе-жегінде бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейдадан 5:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алған. Сонымен қатар ширек финалда колумбиялық боксшы Каролайн Барбозадан айласын асырған.

Қытайлық боксшы Ву Ю бұл Олимпиадада екі кездесу өткізген. Алғашқы жекпе жегінде Үндістан боксшысы Нихат Зариннен басым түссе, ширек финалда Таиланд былғары қолғап шебері Раксат Чутхаматты жеңген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2145030-nazym-qyzaibaidyng-zhartylai-finaldagy-qarsylasy-turaly-ne-bilemiz/