Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назым Қызайбай үш күннен кейін қола медалін алды: марапаттауға Головкин қатысты

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай
Назым Қызайбай. Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында жеңіп алған қола медалімен марапатталды. Спортшы бұл марапатын жекпе-жектен кейін үш күн өткен соң алған. Марапаттау салтанатына Геннадий Головкин қатысты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында жеңіп алған қола медалімен 10 тамызда марапатталды, жекпе-жектен үш күн өткен соң.
  • Марапаттау рәсімі финалдық жекпе-жектен кейін өтті, оған Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.
  • Головкин сонымен қатар француз дәстүрі бойынша Ролан Гаррос аренасында финалдық сессияны ашты.

Назым Қызайбай соңғы жекпе-жегін 7 тамызда түнгі уақытта өткізді. Отандасымыз жартылай финалда қытайлық Ю Вуға есе жіберіп, нәтижесінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Алайда боксшы қола медалін тек 10 тамыз күні алды. Марапаттау рәсімі финалдық жекпе-жектен кейін өтті. Ақтық сында қытайлық боксшы Ю Ву түркиялыұ Бусеназ Чакыроғлуны 4:1 есебімен жеңіп кетті.

Айта кетейік, аталмыш марапаттау рәсіміне ҰОК президенті Геннадий Головкин қатысты. Сондай-ақ, ол француз дәстүрі бойынша әйгілі Ролан Гаррос аренасында финалдық сессияны ашты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2147196-nazym-qyzaibai-ush-kunnen-keiin-qola-medalin-aldy-marapattauga-golovkin-qatysty/