Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол Олимпиадаға қатыспауы керек еді": америкалық боксшылар Баходир Жалоловты сынға алды

Жарияланған күні:

Боксшы Баходир Жалолов
Боксшы Баходир Жалолов. Фото: Ulrik Pedersen/DeFodi Images via Getty Images

Бокстан жеңіл салмақта әлем чемпионы Шакур Стивенсон мен өзге де америкалық боксшылар екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловты сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Worldboxingnews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Баходир Жалолов аса ауыр салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы болған алғашқы боксшы атанған еді. Америкалықтар Жалолов кәсіпқой боксшы бола тұра Олимпиадаға қатысқанына наразылық білдірді. Шакур Стивенсон мұны әділетсіз деп санап, АҚШ іріктеу комиссиясын кәсіпқойларға Олимпиадаға қатысуға рұқсат беруге шақырды.

"АҚШ осы мәселені қолға алуы керек. Олар да кәсіби спортшыларға Олимпиадаға қатысуға рұқсат беруге тиіс. Мен бұған келіспес едім, өйткені үш раунд ғана жұдырықтасқым келмейді. Бұл тез өте шығады", - деді Шакур Стивенсон.

Сондай-ақ басылым басқа да боксшылардың пікірін ұсынды:

"Баходир Жалолов Олимпиадаға ешқашан қатыспауы керек еді. Әуесқой боксшылар үшін Олимпиада олардың әуесқой рингтегі мансабының шыңы, кәсіпқойларға ешқашан қатысуға рұқсат етілмеуі керек. Бұл – Олимпиаданы мазақ ету", "Жалолов кәсіпқой боксшы болған соң, әуесқойларды еш қиындықсыз жұдырықтың астына алды".

Айта кетейік, Баходир Жалолов Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін әуесқой бокстағы мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2149158-ol-olimpiadaga-qatyspauy-kerek-edi-amerikalyq-boksshylar-bahodir-zhalolovty-synga-aldy/