Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан кететіні туралы қауесетке жауап берді

Жарияланған күні:

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов. Фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан кететіні туралы қауесетке жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Сәкен Бибосынов құраманың бұрынғы бапкері Мырзағали Айтжановтың артынан кететіні туралы ақпарат тарады. Боксшы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді. Мына сөз жалған ақпарат. Мен боксты қойған жоқпын", - деп жазды Сәкен Бибосынов Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен кездескен еді. 51 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

14 тамызда Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлік құрам толығымен қызметінен кетті. Ал 16 тамызда Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Cәкен Бибосыновтың Instagram Stories-і
Cәкен Бибосыновтың Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/sakenbibosinov

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2150376-saken-bibosynov-ulttyq-quramadan-ketetini-turaly-qauesetke-zhauap-berdi/