jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Айтжанов бастаған бапкерлік құрам толығымен жұмыстан шеттетілді

    Мырзағали Айтжанов мен Асланбек Шымбергенов
    Мырзағали Айтжанов мен Асланбек Шымбергенов. Фото: olimpic.kz

    Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Тиісті мәлімдеме Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

    ҚБФ мәліметіне сүйенсек, Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша өткізілген кеңес нәтижесінде бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілген.

    Қазақстан бокс федерациясының шешімін дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитеті мақұлдады.

    ҚБФ келесі өзгерістер жайында хабарлады:

    1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.

    2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

    Қазақстан бокс федерациясы жаңа бапкерлік құрамды кейінірек таныстырмақ.

    Айта кетейік, Парижде өткен Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 10 боксшы сынға түсті. Ерлер құрамасынан барған жеті боксшының тек біреуі жүлдеге ілікті. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай күміс медаль еншіледі.

    Ал әйелдер құрамасында 50 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай қола медаль алды. Осылайша, Қазақстан екі Олимпиада қатарынан бокстан алтын жүлде еншілей алмады.

    Бокстан Айтжанов бастаған бапкерлік құрам толығымен жұмыстан шеттетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.