jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Мұхтархан Ділдәбеков бокстан ұлттық құраманың жаңа бапкеріне қандай талап қойылғанын айтты

    Қайрат Сәтжанов
    Қайрат Сәтжанов. Фото: Сали Сабиров/ Қазақстан ҰОК

    Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбеков ұлттық құраманың жаңа бас бапкеріне қойылған негізгі талаптардың бірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қайрат Сәтжановтың алдағы олимпиадалық циклге ұсынған жоспарын талқыладық. Көңілімізден шықты. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша бас бапкерді ауыстырғанымызды білесіздер. Оған қойылған негізгі талаптардың бірі – командада жеке шәкіртінің болмауы.

    Сондай-ақ, шетелдік мамандармен жұмыс істеп, жасөспірім және жастар командаларына бірдей көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз", - деді Ділдәбеков. 

    16 тамызда Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалған еді. Оның бапкерлік еңбек өтілі – 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болды.

    Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Ол жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған.

    Еске салайық, Қайрат Сәтжанов Қазақстан боксындағы мәселелер және алдағы жоспар туралы айтқан болатын.

    Мұхтархан Ділдәбеков бокстан ұлттық құраманың жаңа бапкеріне қандай талап қойылғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.