Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Назымды жылатып қойдым": қазақ журналисі Париж Олимпиадасында болған оқиға туралы айтты

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай
Назым Қызайбай. Фото: Richard Pelham/Getty Images

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға қатысты оқиғаны ашып айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Журналист Аслан Қаженов Париж Олимпиадасында Назым Қызайбайдың қола медаль алғаннан кейінгі оқиға туралы айтты.
  • Қаженовтың айтуынша, ол Назымға сұрақ қойып, оны жылатып алған, бірақ кейін Назым оған рақмет айтқан.
  • Журналист Назымның қола медальға қанағаттанбай тұрғанын сезіп, оның алтын алатынына сенгенін айтты.

Назым Қызайбай жартылай финалдық бәсекеден кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. Осы кезде журналист Аслан Қаженов боксшыға сұрақ қойып, оны жылатып алған.

"Назымды мен жылатып қойдым. Сол кезде қатты сынға алды. "Аслан, неге жылатасың, ол біздің батыр қызымыз ғой", - деді. Кейін Назыммен сөйлестім, ол маған рақмет айтты. "Жеңілдеп қалдым", - деді. Неге екенін білмеймін, миымда Назым алтын алатын сияқты болып тұрды. Жеңіліп қалғанын мүлдем қабылдай алмадым. Назым да жеңілгеніне ашуланып тұр.

"Назым, осы қолаға қанағаттанып тұрсың ба, әлде "әттеген-айың" бар ма?", - деп сұраймын. Негізі дұрыс емес сұрақ қой. Ішімнен мен қанағаттанбай тұрмын. Ол да толқып, орамалына көз жасын сүртіп, жылап қалады. Кейін медаль таққаннан кейін кездестік. "Назым, бізге ренжіп жатыр", - деп айтып түсіндірдім. Ол да түсініп тұр. Қыздар боксында Назым ғана медаль алып тұр. Батыр қыз ғой нағыз", - деді Аслан Қаженов журналист Назгүл Әмірбекке берген сұқбатында.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының жартылай финалында Назым Қызайбай қытайлық Ву Юмен кездесі өткізіп, жеңіліс тапты. Осылайша қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасының қола жүлдесін еншіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2151936-nazymdy-zhylatyp-qoidym-qazaq-zhurnalisi-parizh-olimpiadasynda-bolgan-oqiga-turaly-aitty/