jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Бізде бәрі жақсы": басы дауға қалған Жанқош Тұраров жаттығуда жүргенін айтты (видео)

    Жанқош Тұраров
    Жанқош Тұраров. Скриншот: instagram.com / zhankoshturarov

    Қыз зорлады деп күдікке ілінген танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Instagram желісіндегі ресми парақшасында видео жариялап, қазір жаттығуда жүргенін, бәрі жақсы екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Жанқош Тұраров Instagram парақшасында жаттығуда екенін және бәрі жақсы екенін айтты.
    • Боксшы әлеуметтік желіде алаңдап жатқан қазақ еліне алғыс білдірді.
    • Бұған дейін Тұраровқа қатысты қыз зорлау туралы күдік пайда болып, полиция тергеу бастаған болатын.

    "Ассалаумағалейкүм, ағайындар, бауырлар! Қалайсыздар? Алаңдап жатқан қазақ еліне Алла разы болсын! Бізде бәрі жақсы! Жаттығудамыз", - деді Жанқош Тұраров.

    Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

    "Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген ПД ақпаратында.

    Осыдан кейін Жанқош Тұраров өзіне жала жабылғанын және мәселенің мән-жайын анықтайтынын айтқан болатын.

    Сондай-ақ Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса да күйеуіне тағылған айып туралы пікір білдірді.

    "Бізде бәрі жақсы": басы дауға қалған Жанқош Тұраров жаттығуда жүргенін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.