Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Толқын Қылышев: Баходир Жалолов үшін Иван Дычко оңай қарсылас болмақ

Жарияланған күні:

Толқын Қылышев пен Баходир Жалолов
Толқын Қылышев пен Баходир Жалолов. Фото: instagram.com / bakhodirdjalolov

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын өзбекстандық Баходир Жалоловтың бапкері Толқын Қылышев қазақстандық боксшы Иван Дычко туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Өзбек боксшысы Баходир Жалоловтың бапкері Толқын Қылышев қазақстандық Иван Дычконы "жеңіл қарсылас" деп бағалады.
  • Қылышев Дычконы құрметтейтінін айтса да, оның Жалоловқа қарсы тұра алмайтынын мәлімдеді.
  • Иван Дычко мен Баходир Жалолов екеуі де кәсіпқой рингте 14 жекпе-жектен өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

"Иван Дычко бабында тұрған кезде біздің жас әрі болашағынан үлкен үміт күттірер ауыр салмақтағы боксшымыз Жалоловты жеңген еді. Ол кезде Жалолов ересектер санатына жаңадан қосылған болатын. Мен Дычконы сыйлаймын. Ешқандай менсінбеушілік жоқ. Егер жекпе-жек өтетін болса, онда Дычко Жалолов үшін оңай қарсылас болады. Боксты түсінетіндердің барлығы Жалоловтың қазіргі деңгейін біледі", - деді Толқын Қылышев.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Өзбекстандық Баходир Жалолов та кәсіпқой рингте 14 рет жұдырықтасып, бәрін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған.

Сондай-ақ бүгін, 22 тамызда Иван Дычко ProboxTV-дің кезекті шоуы аясында Плант-Ситиде (Флорида штаты) өткен бокс кешінде америкалық Крейг Льюисті жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2152093-tolqyn-qylyshev-bahodir-zhalolov-ushin-ivan-dychko-ongai-qarsylas-bolmaq/