Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"15 км жүгіртудің қажеті шамалы": Иван Дычко қазақстандық боксшыларға артылатын жүктемені азайтуды ұсынды

Жарияланған күні:

Қазақстандық боксшы Иван Дычко
Қазақстандық боксшы Иван Дычко. Фото: instagram.com/proboxtvofficial

Олимпиада ойындарында екі мәрте қола жүлде иеленген қазақстандық Иван Дычко Парижде сынға түскен қазақстандық боксшылар туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportarena.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Иван Дычконың айтуынша, Париж Олимпиадасында қазақстандық боксшыларға сергектік жетіспеген және олар тым ауыр жүктеме алған.
  • Дычко бапкерлердің боксшыларға қажетті емес физикалық жаттығуларды көп жасататынын айтып, дайындық кезінде жүктемелерді азайту керектігін ұсынды.
  • Ол боксшыларға 15 шақырымға жүгіру мен үш сағат тауға шығудың қажеті жоқ екенін атап өтіп, арнайы дайындыққа және төзімділікті арттыруға көбірек көңіл бөлуді ұсынды.

Иван Дычко Париж Олимпиадасында қазақстандық боксшыларға сергектік жетіспегенін алға тартты.

"Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы өнерін көріп, оқу-жаттығу жиынында олардың тым ауыр жүктеме алғанын байқадым. Жақында мен 2016 жылғы Олимпиададағы Эфе Аджагбаға қарсы жекпе-жегімді қайта қарап шықтым. Ол жекпе-жекте жеңіске жеттім, бірақ өте қиын өтті. Сол кезде өзімді шамадан тыс жаттықтырғанымды, сергектік пен ынтаның жетіспегенін сездім. Сарапшыларымыздың пікірлерін оқыдым, олар біздің боксшылардың үшінші раундта шаршап қалатынын айтты. Осыдан мен олардың Олимпиадада сергек болмағанын түсіндім", - деді Иван Дычко.

Оның айтуынша, қазақстандық бапкерлер оқу-жаттығу жиынында боксшыларға қажеті жоқ физикалық жаттығуларды көп жасатады. 

"Менің ойымша, дайындық кезінде жүктемелерді азайту қажет. Бұл құлаққа түрпідей тиюі мүмкін, бірақ бокспен тікелей байланысты емес жаттығуларды алып тастау қажет деп ойлаймын. Мәселен, боксшыға ешқандай пайда әкелмейтін 15 км жүгірудің, үш сағат тауға шығудың қажеті шамалы. Бұл менің өз тәжірибемде бастан кешкен нәрселер еді. Осының кесірінен маған ауыр тиіп, денсаулығыма зиян келтірді. Сондықтан арнайы дайындыққа, төзімділікті арттыруға көбірек көңіл бөлген жөн деп санаймын", - деді боксшы Иван Дычко.

Айта кетейік, кеше, 22 тамызда Иван Дычко ProboxTV-дің кезекті шоуы аясында Плант-Ситиде (Флорида штаты) өткен бокс кешінде америкалық Крейг Льюисті жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2152443-15-km-zhugirtuding-qazheti-shamaly-ivan-dychko-qazaqstandyq-boksshylarga-artylatyn-zhuktemeni-azaitudy-usyndy/