jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бапкеріммен әрдайым біргемін": Cәкен Бибосынов Мырзағали Айтжанов туралы айтты

    Мырзағали Айтжанов пен Сәкен Бибосынов
    Мырзағали Айтжанов пен Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов мансабын әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеп, Мырзағали Айтжанов туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлеуметтік желіде Сәкен Бибосынов құраманың бұрынғы бапкері Мырзағали Айтжановтың соңынан командадан кететіні туралы ақпарат тараған еді. Боксшы бұл қауесетті жоққа шығарды.

    "Ештеңе өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әлі де бокстамын. Олимпиадада ойдағыдай нәтиже көрсете алмадым. Елге келіп, бірден жаттығуға кірісіп кеттім.

    Желіде біраз адам менің құрамадан кететінім туралы хабар таратыпты. Бұл шындыққа жанаспайды, жалған мәлімет. Иә, қазір бапкерлер құрамы ауысқан соң, алдағы жарыс жоспарларына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Алайда, үлкен спорттан әлі кетпегенімді, әрі қарай жұдырықтасатынымды айтқым келеді.

    Ал Олимпиадаға келер болсақ, біздің біраз жігіттер 2:3 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Бұл сәтсіздік бізді шыңдай түсеріне сенемін. Мырзағали Айтжанов ағайымыз ұлттық құрамадан кетсе де, оның еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Бапкеріммен әрдайым біргемін", - деді Бибосынов. 

    Айта кетейік, Мырзағали Айтжанов – Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы. Қазақстандық боксшы 2019 жылғы әлем біріншілігінде қола жүлде еншілесе, 2021 жылы әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ ол Токио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған еді (2020).

    "Бапкеріммен әрдайым біргемін": Cәкен Бибосынов Мырзағали Айтжанов туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.