Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионы, маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов шаңырақ көтерді

Жарияланған күні:

Бекзат Нұрдәулетов
Бекзат Нұрдәулетов. Фото: t.me/mangystaumedia

80 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған боксшы Бекзат Нұрдәулетовтің тойы Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде өткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Otpannews порталының мәліметінше, әлем чемпионы атанған спортшының қуанышында бірқатар спорт жұлдызы қонақ болды. Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов інісін құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай да бокстағы әріптесінің тойына барғанын Instagram-дағы парақшасында Storiеs бөлімінде салып, Нұрдәулетовті отау құрғанымен құттықтады.

Нұрбек Оралбай мен Бекзат Нұрдәулетов
Нұрбек Оралбай мен Бекзат Нұрдәулетов. Фото: instagram.com/oralbay_nurbek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2153023-alem-chempiony-atangan-manggystaulyq-bekzat-nurdauletov-shangyraq-koterdi/