Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішінде қазақстандықтар жоқ: спорт сарапшылары болашағынан үміт күттіретін боксшылардың есімін атады

Жарияланған күні:

Хасанбой Дусматов
Хасанбой Дусматов. Фото: Mustafa Ciftci/Anadolu via Getty Images

Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында өзбекстандық боксшылар ерекше өнерімен көзге түсті. Құрама сапынан сынға түскен жеті боксшының бесеуі алтын медаль иеленді. Boxing Scene басылымының жазуынша, олардың кейбірі кәсіби бокста да үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Boxing Scene басылымы өзбекстандық боксшылар Хасанбой Дусматов пен Баходир Жалоловты кәсіби бокста да үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін деп санайды.
  • Хасанбой Дусматов пен Баходир Жалолов Париж Олимпиадасында екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды және кәсіби рингте де жеңілмеген.
  • Басылым сонымен қатар украиналық Александр Хижняк пен алжирлік Иман Хелифті де болашағынан үміт күттіретін боксшылар қатарына қосқан.

Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов бұл Олимпиадада мықтылығын дәлелдеп, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Енді ол кәсіби бокстағы мансабын да жеңісті жолда жалғастыруы мүмкін. Хасанбой Дусматов кәсіби рингте алты жекпе-жек өткізген, бәрінде жеңіске жеткен. Ол бірінші жартылай жеңіл салмақта (49 кг дейін) өнер көрсетеді.

Тағы бір өзбекстандық Баходир Жалолов Париж төрінде ерекше шеберлік көрсетіп, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Ол қазіргі уақытта кәсіпқой боксқа толыққанды ауысқанын жеткізген болатын. Өзбекстандық боксшы кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Boxing Scene басылымы болашағынан үміт күттіретін боксшылар ретінде украиналық Александр Хижняк пен алжирлік Иман Хелифті де атап өтті. Екі спортшы да Париж Олимпиадасында өз салмақ дәрежелерінде алтын медаль жеңіп алды. Алайда бұл тізімде қазақстандық боксшылар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2153445-sport-sarapshylary-bolashagynan-umit-kuttiretin-boksshylardyng-esimim-atady-ishinde-qazaqstandyqtar-zhoq/