Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына ене ме

Жарияланған күні:

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай. Фото: olympic.kz

Әуесқой боксты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдырудың шарты аталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қырғызстан бокс федерациясының президенті Үмбетәлі Қыдырәлиев Sport АКИpress басылымына берген сұқбатында World Boxing ұйымына өту бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

"World Boxing президенті Борис ван дер Ворст менің танысым. Екеуіміз жақсы қарым-қатынастамыз. Бұған дейін Италия, Таиландта өткен олимпиадалық іріктеу турнирлерінде кездескенбіз. Түркияда Париж Олимпиадасына арналған конференция болды. Аталған ұйымның конгресі қарашаға жоспарланған. Соған дейін уақытымыз бар", - деді Қыдырәлиев. 

Оның айтуынша World Boxing 50-ден астам ұлттық федерацияны қатарына қосса, бокс 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасында қалады. 

Айта кетейік, ҰОК президенті Геннадий Головкин Reuters агенттігіне берген сұқбатында Қазақстан бокс федерациясын ІВА-дан шығып, World Boxing-ге қосылуға үндейтінін айтқан еді.

Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-ға мүше елдер 2028 жылы Олимпиада ойындарына қатыстырылмайтынын ескертті. Сондай-ақ ХОК IBA-ны халықаралық федерация ретінде мойындамайтынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2153709-boks-2028-zhylgy-olimpiada-oiyndarynyng-bagdarlamasyna-ene-me/