Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олар 1 алтын, 1 күміс, 1 қоламен оралуға уәде берді": спорт министрі бокс құрамасының нәтижесі туралы айтты

Жарияланған күні:

Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған алқа отырысы
Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған алқа отырысы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған алқа отырысында қазақстандық боксшылардың Олимпиада ойындарындағы нәтижесі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрліктің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бокстан ерлер құрамасы барлық салмақ дәрежесінде бақ сынады. Қабылданған міндеттемелерге сәйкес олар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен оралуға уәде берді. Ал команда тек 1 күміс жүлде жеңіп алды. Екінші Олимпиада қатарынан спортшылар бірде-бір алтын медаль ала алмады.

Қазақстандық бокс мектебі өзінің көшбасшы позициясының арқасында әлемдік спорт аренасында әрқашан танымал болды. Біздің боксшылар 1996 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Барлығы 61 спортшы қатысып, 22 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 7 күміс және 8 қола.

Бокстан ұлттық құрама бұл Олимпиадада ең жақсы нәтиже көрсете алған жоқ", - деді министр.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасынан 7 боксшының ішінен тек Нұрбек Оралбай (80 кг) жүлде иеленді. Ол 80 кг салмақ дәрежесінде күміс медаль еншіледі. Ал әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 кг) қола жүлдегер атанды.

Осыған дейін Ермек Маржықпаев Олимпиадада Қазақстан үшін дәстүрлі саналатын спорт түрлерінен дайындық төмен, нәтиже нашар болып шыққанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2154291-olar-1-altyn-1-kumis-1-qolamen-oraluga-uade-berdi-sport-ministri-boks-quramasynyng-natizhesi-turaly-aitty/