Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та өткен бокс кешінде орта дивизиондағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
26 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлер ұйымдастырған Санта-Йнесе қаласында (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсетті.
Орта салмақтағы Садриддин Ахмедовтың қарсыласы 30 жастағы америкалық боксшы Антонио Тодд болды.
Айта кетейік, отандық боксшы АҚШ-та осы дивизионда алғаш рет жұдырықтасты. Ахмедов бірінші раундта-ақ нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша, ол кәсіпқой рингте 14 рет жеңіске жетті (оның 12-сі мерзімінен бұрын).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2155683-boksshy-sadriddin-ahmedov-aqsh-tagy-debiuttik-zhekpe-zheginde-qarsylasyn-nokautqa-tusirdi/